Назарбаев туралы фильм түсірген шетелдік режиссерлер Азаттық тілшісінің сұрағына жауап бермеді

Your browser doesn’t support HTML5

6 шілдеде Нұр-Сұлтанда америкалық белгілі режиссер, продюсер Оливер Стоунның Нұрсұлтан Назарбаев жайлы деректі фильміне арналған баспасөз жиыны өтті. Бірақ жиынның өтетіні жайлы анонс алдын ала таратылмады. Сол себепті оған тәуелсіз ақпарат құралдарының тілшілері қатыса алмады. Кейін фильм авторлары Азаттық тілшісінің сұрағына жауап бермеді.