Азия интернетін шулатқан Рыпакова һәм стадион сыртындағы наразылық. Олимпиада ашылуы қалай өтті?

Токио олимпиадасының ашылу салтанатының басы. Олимпиадалық стадионға спортшылар, әр елдің делегация мүшелері, журналистер және құрметті қонақтар ғана кірді.

Олимпиада ойындарының "Жылдам, күшті, биік, бірге" деген ұраны. Олимпиада стадионында 6 мың спортшы мен делегация мүшесі, 900 қонақ, 3500 журналист отырды.

Токио олимпиадасының ашылу салтанаты төрт сағатқа созылды.

Олимпиаданың ашылу салтанаты болып жатқанда стадион сыртында ойындарға қарсы наразылық өтіп, жиналған жұрт шара аяқталғанша айғайлап, қарсылық білдіріп тұрды. Елде түрлі сауалнамалардың нәтижесіне сай, жапондардың көбі олимпиада ойындарының өтуіне қарсы. Олар коронавирустың тарауына байланысты ойынды өткізбеу керек деген.

Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова ұстап шықты.

Ашылу салтанатынан соң Рыпакова Азия интернетінің жұлдызына айналды. Жапондар мен Азияның басқа да елдеріндегі көрермен оны "ең әдемі ту ұстаушы" деп, Рыпакованы компьютерлік ойындардағы ханшайымға ұқсатты. Жапониялық геймерлер Twitter желісінде Ольганы түрлі ойындардағы персонаждарға ұқсайды деп жатты.

Қазақстан олимпиадаға 97 лицензия алған.

Ашылу салтанаты кезінде аспанға мыңнан аса дрон ұшып, жер шарының макетін жасады.

Олимпиада алауын жапониялық теннисші Наоми Осака (Grand Slam жарыстаның жеңімпазы, әлемнің экс-бірінші ракеткасы) жақты.

Олимпиада алауы жанған сәт.

Олимпиада ойындары ресми түрде басталды. Жабылу салтанаты 8 тамызда өтеді.

Олимпиадаға екі жүзден астам елдің спортшылары қатысып, елуге жуық спорт түрінен жүлдеге таласады. Жарыстар көрерменсіз өтеді.

Олимпиадалық стадионда от шашу.

Олимпиадада коронавирус тексерісі қатаң. Спортшылар, бапкерлер, еріктілер күнде, журналистер төрт күнде бір ПТР тестін тапсыруы тиіс. Коронавирус табылса, 14 күнге оқшауланады.