Совет одағын құлатқан бүлік

Your browser doesn’t support HTML5

1991 жылы тамызда Совет өкіметінің бір топ шендісі Горбачевті Қырымдағы саяжайынан шығармай қойып, ел билігін өз қолына алмақ болды. Мұның арты үлкен наразылыққа әкеліп, үш азамат қаза тапты, үш күн тұрған уақытша билік құлады. Артынан коммунистік партияның қызметіне тыйым салынды, сол жылы Совет одағының өзі де ыдырады. Сөйтіп картада 15 тәуелсіз мемлекет пайда болды.