Жетібайдағы ереуілге он күн болды

Your browser doesn’t support HTML5

Маңғыстау облысы Жетібай кентінде "West Oil Software" компаниясы жүргізушілері 23 тамыздан бері ереуілдеп тұр. Жұмысшылардың айлықты өсіру, еңбек шартын қайта қарау, тәуелсіз кәсіподақ құру сынды талаптары орындалмаған. Ереуілге қатысқан 5 адамға байланысты сот ісі басталған. Жұмысшылар мұны "басшылықтың қысымы" деп есептейді.