Нұрдәулет Жұмағали – жүзуден паралимпиаданың қола жүлдегері

Your browser doesn’t support HTML5

Токиода өтіп жатқан жазғы паралимпиада ойындарында қазақстандық 22 жастағы Нұрдәулет Жұмағали 100 метрге брасс әдісімен (SB13 категориясы, көзі дұрыс көрмейтін спортшыларға берілетін классификация) жүзуде қола медаль алды. Қазірге дейін Қазақстанда Токио паралимпиадасында бір алтын, екі күміс, үш қола медаль иеленді. Бұл жарыс 5 қыркүйекте аяқталады.