Субсидияны тексеру. Қызылордалық шаруаларға ескерту келіп жатыр

Your browser doesn’t support HTML5

Қызылорда облысының 40-тан астам шаруа қожалығы екі жыл бұрын алған субсидияны кері қайтаруы мүмкін. Субсидия қайтарымсыз болғанымен, былтыр оны бөлген комиссия өкілдеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Егер тергеу олардың ісінде заңсыздықты анықтаса, миллиондаған соманы шаруалар қайтаруы міндетті. Әзірге ескерту хат келіп, тексеру жүріп жатыр екен.