Ақтаудағы 7 қаңтарға қараған түнгі бейбіт наразылық

Your browser doesn’t support HTML5

Маңғыстау облысының Ақтау қаласында тұрғындардың бейбіт наразылығы 7 қаңтарға қараған түнде де тарқаған жоқ. Көлік тіркемесін сахна жасап, оған Қазақстан туын тіккен тұрғындар бір-бірден сөз сөйлеп, билікке түрлі талап қойды. Халыққа оқ атпауға шақырды, арандатуға көнбеңдер деп үндеді, Қазақстан әнұранын айтты.