Ресейдің қираған техникасы, отбасымен қоштасқан әке. Украинадағы соғыс. 16 наурыздағы фотолар

Харьков маңында қираған ресейлік әскери көлік. Украина қарулы күштерінің бас штабы Ресей соғысқа жұмылдырған әскери күшінің 40 пайызынан айырылды деп мәлімдеді. 16 наурыз 2022 жыл. 

Украиналық әскери Харьков тұрғынына көмектесіп жатыр. Украина төтенше жағдайлар қызметі Харьковта 500 бейбіт тұрғын қаза болды дейді. 

Украинадағы соғыстан қашып, Польшаға келген босқындар. БҰҰ есебінше, соғыс басталғалы Украинадан үш миллионнан аса адам елден кеткен. 

Ер адам Украина-Польша шекарасында отбасымен қоштасып тұр. Украинада ер адамдардың шетелге кетуіне тыйым салынған. 

Харьковта өрт сөндірушілер Ресей әскерінің шабуылынан соң өртке оранған ғимараттағы жалынды өшіріп жатыр. 

Харьковта қираған тұрғын үй. 

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ Конгресінде сөз сөйлеп, Вашингтонды Ресей соғысты қаржыландыра алмас үшін санкцияны күшейтуге шақырды.