"Сындырды мені" деп жылады". Еріктің қамауда көрген азабы

Your browser doesn’t support HTML5

"Полиция қинаған інімнің арызы қаралмай жатыр" деп, Алматы облысының тұрғыны астанада әділдік іздеп жүр. Орынбасар Қалибаеваның сөзінше, полиция бауыры Еріктің "қолына кісен салып, соққыға жыққан. Атып тастаймыз" деп қорқытқан. Тергеуден соң үйіне жіберіп, артынша қайта қамап тастаған.