Көшедегі қабірлер, жертөледегі жұрт, өртенген үйлер. Бір айда түгі қалмаған Мариупольден фотолар

Украина тарабының есебінше, Мариупольдегі инфраструктураның 80 пайызы қираған. Қалада атыс әлі жүріп жатыр. 

Мариуполь билігі қалада бес мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза болды деп санайды. Тұрғындар марқұмдарды қаланың ішіне жерлеп жатыр. 

Украина қарулы күштерінің бас штабы 1 сәуірдегі мәлімдемесінде "Ресей әскерилері Мариуполь қаласын толық басып алуға тырысып жатыр" деді. Ал Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестович брифингте Мариуполь "берілген жоқ" деп мәлімдеді.

1 сәуірде қаладан шамамен 2 мың адам шығып, Запорожье қаласына аттанғаны хабарланды. Бірақ Мариупольде әлі 150 мыңдай адам бар. Суретте қала тұрғыны Ресей әскериімен сөйлесіп тұр. 

Қала тұрғындары аулада шахмат ойнап отыр. 

Мариупольде қалғандардың арасында балалар да бар. 

Қалада жарық, газ бен жылу жоқ. Жұрт тамақты отқа пісіруге мәжбүр.

Ресей президенті Владимир Путин Украина әскері Мариупольден толық шыққанда ғана қаланы қоршаудан босатамыз деп мәлімдеген. 

Ұрыс қаланың ортасында жүріп жатыр. 

Мариупольде жүрген Ресей әскери техникалары. 

Үйлерінен айырылған тұрғындар жертөледе тұруға мәжбүр.