"Тұңғыш президент" заңы ауысуы керек пе? Министрлердің жауабы

Your browser doesn’t support HTML5

Конституцияны өзгерту жөніндегі жұмыс тобы Ата заңда "бірінші президент – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы" деген сөзді қалдырмақ. Кей басылым конституциялық кеңеске сілтеп, осыдан соң "Тұңғыш президент-Елбасы" туралы заң күшін жояды деді. Министрлерден бұл заң ауысуы керек пе деп сұрап көрдік.

Қазақстан Конституциясын өзгерту бойынша жұмыс тобы конститутцияға елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "бірінші президент – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы" деген статус бекітпекші. Осы ақпараттат соң кей басылым конститутциялық кеңестің жауабына сілтеп, Назарбаевтың жаңа статусы бекіген соң, экс-президентке айрықша құзірет беретін "Тұңғыш президент-Елбасы" туралы заң күшін жояды деп жазды. Министрлерден бұл заң ауысуы керек пе деп сұрап көрдік.