Мариупольде адам төзгісіз жағдайда қалған бейбіт тұрғындар қалай эвакуацияланып жатыр?

2 мамырда Мариупольден Запорожьеге бет алған эвакуациялық көліктер. Мариуполь мэрінің кеңесшісі Петр Андрющенко Азаттықтың Украина қызметіне қаладан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау 2 мамырда да жалғасып жатыр деп мәлімдеді. 

Эвакуациялық автобустың ішінде отырған тұрғындар. Эвакуация жасауға БҰҰ мен Қызыл крест ұйымы көмектесіп жатыр. 2 мамыр. 

Мариупольден Запорожьеге кетіп бара жатқан тұрғындар. Ресей қорғаныс министрлігі Мариупольден шыққан бейбіт тұрғындар Украинаға я Ресей жаққа өтетінін өздері шешеді деген. 2 мамыр.

1 мамырда Мариупольдегі "Азовсталь" зауытына жасырынған жүзде жуық бейбіт тұрғын шығарылып, эвакуацияланғаны хабарланды. 

"Азовсталь" зауытынан шыққан әйел баласын құшақтап тұр. 2 мамыр. 

"Азовстальдан" шыққан бейбіт тұрғынның бірі жақынын құшақтап тұр. 2 мамыр. 

Мариупольден Запорожьеге бет алған тұрғындар. 2 мамыр.

Запорожьеге эвакуацияланғандар арасында балалар мен әйелдер көп. 2 мамыр. 

Марипуольден шыққан тұрғындар. 2 мамыр. 

Ресей 1 наурыздан бері Мариуполь қаласын қоршауға алып, қалаға шабуылдаған. Украина билігі ресейліктер қаланың 90 пайызын қиратты деп мәлімдеген. Мариуполь әкімшілігінің есебінше, қалада 20 мыңнан аса адам қаза тапқан. Осы уақытқа дейін қалада әлі 100 мыңдай адам қалып қойған еді. Мыңдай адам "Азов" батальоны және украиналық әскерилермен бірге "Азовсталь" зауытына жасырынған. БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш сәуірдің соңында Мәскеуге барып, Ресей президенті Путинмен Мариупольден бейбіт тұрғындарды эвакуациялау мәселесін талқылаған еді.