"Айкөркемнің муралын өшіргенімен, есімі ұмытылмайды"

Your browser doesn’t support HTML5

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркем бейнеленген мурал пайда болды. Авторы кім екені белгісіз. "Қай аға маған оқ атқан?" деген жазуы бар мурал көп тұрмады. "Алатау Жарық" компаниясының қызметкерлері оны өшіріп тастады. Бүлдіршіннің әкесі "Айкөркемнің есімін ешкім ұмытпайды" дейді.