"Желтоқсан келген сайын жасарам". "Täuel[dı]sız" жастардың "Хикаясы"

Your browser doesn’t support HTML5

"Täuel[dı]sız" деп аталатын жастар жобасы интеллектуалды поэзияға негізделген "Хикая" атты қойылымын Нұр-Сұлтандағы "Жастар сарайында" сахналады. Қойылымның идеясы "өмір хикаялардан тұрады, біз соны кешіп жүрміз" деген тәмсілді білдіреді. Жас ақындар туындыларын актерліктен алыс жас журналистер мен мектеп оқушылары образдармен бейнелеп оқыды. "Хикая" арасында экология проблемасы, Қаңтар оқиғасы мен Ресейдің Украинаға басқыншылығы да бар. Жоба былтыр президент Қасым- Жомарт Тоқаев Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тағайындаған “Тәуелсіздік ұрпақтары” гранты негізінде жүзеге асып жатыр. Оның жетекшісі Руслан Жұбаныш “биліктен грант алсақ та тәуелсізбіз” дейді.