Ерлан Ыдырысов Ұлыбритания, Исландия және Ирландиядағы елші қызметінен босатылды

Ерлан Ыдырысов.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Ыдырысовты Қазақстанның Ұлыбритания, Исландия және Ирландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатты. Бұл жөнінде 17 тамызда Ақорда сайты хабарлады.

Хабарламада қызметтен босату себебі айтылмайды.

Ерлан Ыдырысов Қазақстанның Ұлыбританиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне 2017 жылы қаңтарда тағайындалған. Сол жылы тамызда оған Қазақстанның Исландия және Ирландиядағы елшісі қызметін қоса атқару міндеті жүктелген. Оған дейін 2012 жылдың қыркүйегі мен 2016 жылдың желтоқсан айында сыртқы істер министрі болды. Оның алдында 2007-2012 жылдар аралығында Ыдырысов Қазақстанның АҚШ-тағы, Бразилиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарды.