"Путинді – окопқа". Мәскеуде мобилизацияға қарсы шыққандарды күшпен ұстады

Мәскеуде наразылыққа шыққандар "Путинді – окопқа", "Соғысқа жол жоқ!" деп ұрандатты.

Мәскеудегі Арбат маңында тұрған күштік құрылым өкілдері. 

Мәскеудегі митингіге балалары "ішінара мобилизацияға" ілінетіндердің аналары да келді. 

Полиция наразылыққа келгендердің кейбірін ұстап, кейбірін үйге қайтуды талап етті. Күштік құрылым ұстайтын адамдарды қалай анықтайтыны белгісіз. 
 

Ресей ішкі істер министрлігі "өте аз адам қатысқан" "заңсыз митингінің алдын алдық" деп есеп берді. 

Мәскеу мен Санкт-Петербург қаласындағы митингіде мыңнан аса адам ұсталғаны хабарланды. 

Күштік құрылымдар Мәскеудегі митингіге келгендерді күштеп ұстай бастады. 

"Весна" қозғалысы Ресей президенті Владимир Путин "ішінара мобилизация" жариялаған соң "Нет могилизации" атты наразылық шарасына шақырды. 
 

Ресей президенті Владимир Путин 21 қыркүйектегі мәлімдемесінде елде ішінара мобилизация жариялады. Ол ішінара мобилизация кезінде әскерге запастағы әскерилер, қарулы күштер қатарында бұрын қызмет еткендер, тәжірибесі бар әскери мамандар шақырылады деген. 

Митинг кезінде зардап шеккендер де бар. 

Мәскеуде 21 қыркүйек кешкісін мобилизацияға қарсылық акциясына жүздеген адам шықты. Олар "Соғысқа жол жоқ!", "Путинді – окопқа!" деп айғайлады. Наразылардың көбі соғысқа қарсы плакаттар ала келген. Күштік құрылым өкілдері мобилизацияға қарсы шыққандард күштеп ұстап әкетті.