"Қазақстанға кетуіме ата-анам қарсы болды". Мобилизациядан қашқан ресейлік дәрігер

Your browser doesn’t support HTML5

Украинадағы соғысқа барудан қашып, Қазақстанға өткен мыңдаған ресейліктің бірі – Олеся Яхно. 29 жасар дәрігер мобилизация туралы Путин жарлығы шыққан күні Мәскеудегі наразылық митингісіне қатысқан. Кейін өзіне де шақыру келген соң апыл-ғұпыл жиналып, көрші елге өтіп кеткен.