Риддерде 22 мың шаңырақ жылусыз қалды. Жағдайдың жай-жапсары

Your browser doesn’t support HTML5

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылу электр орталығы бұзылып, 22 мың шаңырақ жылусыз қалған. Қалада 5 қараша түні төтенше жағдай жарияланған. Мәселенің көп жылдан бері жиі қайталанатынын айтқан тұрғындар жергілікті билікті айыптайды. Әкімдік жағдайдың реттеліп келе жатқанын айтады.