"Жәшікке салуға міндеттісіңдер!" ЕҰУ дауыс беруге міндеттеуді жоққа шығарады

Your browser doesn’t support HTML5

Әлеуметтік желіде студенттерді сайлауға баруға міндеттеп, сол күні не істеу керегін үйреткен педагогтің видеосы тарады. Кейін оның Астанадағы Еуразия ұлттық университеті жатақханаларының бірінде түсірілгені белгілі болды. Университет оқиғаны растады. Бірақ қызметкер студенттерді мәжбүрлеген жоқ, тек ақыл-кеңес берді дейді.