Кандидаттар Қазақстандағы демократия, адам құқығы, сөз бостандығы мәселесін қалай шешпек?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан президенті болуға үмітті кандидаттар сайлауалды бағдарламаларында елдегі демократия, адам құқығы, сөз бостандығы сынды мәселелерге көп орын бермеген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар құқығы жөнінде арнайы тарау жазған, бірақ оның бағдарламасында "демократия", "сөз бостандығы" дейтін сөз-сөйлемдер мүлде жоқ.