"Иса пайғамбар жанында сатқын отырғанын білді ме?" Назарбаев Кәрім Мәсімов ісі бойынша пікірін айтты

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауы күні "Астана операдағы" №393 сайлау учаскесінде бауыс берді. Астана, 20 қараша 2022 жыл.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев "мемлекетке сатқындық жасады" және өзге де ауыр баптар бойынша айыпталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісіне байланысты пікір білдірді.

20 қарашада Астанада дауыс берген Назарбаев "Мәсімовтің соты жөнінде не айтасыз? Ол кінәлі болса, оның артында кім тұр деп ойлайсыз?" деген журналистердің сұрағына "мен де осы сұрақтың жауабын білгім келеді" деді.

"Сот тергеуінің соңын күтіп отырмын. Мәсімов ұзақ жыл менімен істеді. Бірақ қайдан білесің. Иса пайғамбар жанында сатқын отырғанын білді ме? Біз Құдай емеспіз. Сол себепті соттың аяқталуын күтейік" деді Назарбаев.

Азаттық тілшісі Назарбаевтан "немере ініңіз Қайрат Сатыбалдының соты әділ болды деп ойлайсыз ба?" деп сұрады.

"Ол соттың шешімін әділ деп ойлау керек. Әділ болмаса, оған сенбеген адам қарсы болып, өзінің арызын беру керек. Сондықтан бәрібір қайда барғанда да мәселені сот жүйесі шешеді" деп жауап берді.

Your browser doesn’t support HTML5

Дауыс беруге келген Назарбаев Кәрім Мәсімов пен Қайрат Сатыбалды ісі жөнінде айтты

Бақылаушылар Қаңтар оқиғасынан кейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ықпалы әлсіреді деп санайды. Жыл басынан бері Назарбаевтың айналасындағы бірқатар лауазымды тұлғалар мен жақындары қызметтен кетіп, кейбірі қамалған. "Назарбаевтың адамы" саналатын Кәрім Мәсімов қаңтар басында "мемлекетке сатқындық жасады" және өзге де ауыр баптар айыпталып, қамауға алынды. 18 қарашада оның соты басталды. Мәсімовтың жақтастары істің саясиланғанын айтады. Қазан аяғында БҰҰ жөнсіз ұстаулар жөніндегі жұмыс тобы Астананы ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті "шұғыл бостандыққа шығаратын іс-шара қабылдауға" шақырған.

Биыл қыркүйекте Қазақстан соты Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыны алты жылға бостандығынан айырып, мүліктерін тәркілеуге үкім еткен, кемінде енді он жылға дейін мемлекеттік қызметте істеуіне тыйым салған. Қайрат Сатыбалды сотта "кінәмді мойындаймын, өкінемін" деп мәлімдеген. Назарбаевтың немере інісінің үстінен басқа да айыптар бойынша тергеу жүріп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстанды Назарбаев мұрасынан толық арылтуға Тоқаевтың дәті жете ме?6 жыл жаза, мүлкін тәркілеу һәм генерал-майор атағынан айыру. Қайрат Сатыбалдыға үкім шықты"Ноу-Сұлтан?" Астана атауын өзгерту ұсынысы шетел журналисінің көзімен"Тоқаев негізгі адамдарға тиіспей отыр". Назарбаев туыстарының қамалуы мен "жаңа қожайын" іздеп жүргендер жайлы"Халқын тонаған клептократтар". Ағылшын парламентінде Қазақстанды талқылап, 28 адамды атады