"Бүлдіршіндерім - тірі жетім". Сот "саяси тұтқын" Елшібаевтың үкімін өзгеріссіз қалдырды

Your browser doesn’t support HTML5

Екі жарым ай бұрын "түрме тәртібіне бағынбады" деген айыппен жеті жылға сотталған жаңаөзендік белсенді Ержан Елшібаевтың үкімі өзгеріссіз қалды. Қызылорда облысының апелляциялық соты қыркүйектегі сот шешімін дұрыс деп құптады. Ал белсендінің адвокаты үкіммен келіспейді.