Маңғыстауда "Боранбаевтар иелік ететін" компания мұнайшылары үш күннен бері ереуілдетіп тұр

Your browser doesn’t support HTML5

Маңғыстауда мұнайшылар тағы да ереуілге шықты. Түпқараған ауданындағы Солтүстік Қаражанбас кен орнында істейтін Phystech-2 компаниясының жұмысшылары жалақыларын көтеруді талап етіп, үш күннен бері наразылыққа шығып тұр.