"Орындарыңа басқа адамдар келеді". Премьер-министр өз үкіметін сынады.

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смаилов қол астындағы министрлерге "орындарыңды босат" деді. Жалпылама сөйлеген ол нақты ешкімнің атын атаған жоқ. Ол екі күн бұрын "жаңа жылға үкіметтің осы құрамымен барамыз ба, жоқ па?" деген президент сөзіне сүйеніп отырғанын білдірді.