"Қымбатшылық депрессияға жеткізді". Азық-түлікті кредитке алып отырғандар бар.

Your browser doesn’t support HTML5

Биыл Қазақстанда жыл басынан бері азық-түлік күрт қымбаттап, кей тауардың тапшылығы байқалды. Саудагерлер сөзінше, баға күн сайын құбылып тұр. Салдарынан сауда-саттық та азайып кеткен. Жұрт тауарды базарға барып, молынан сатып алуды доғардық дейді. Кейбірі ішер тамағын несиеге сатып алуға мәжбүр.