Украинада тікұшақ апатынан Ішкі істер министрі қаза тапты

Your browser doesn’t support HTML5

Украинаның Киев облысында тікұшақ апатынан 15 адам қаза тапты. Үшеуі - бүлдіршін. Әуелі мерт болғандар саны 18 адам, 16 адам деп те хабарланған. Олардың арасында Украинаның ішкі істер министрі мен оның бірінші орынбасары және мемлекеттік хатшы бар. Әзірге тікұшақтың құлау себебі айтылмады.