Bloomberg: Қазақстан санкциядағы тауарларды Ресейге тасып жатыр

Your browser doesn’t support HTML5

АҚШ-тың Bloomberg агенттігі Қазақстаннан Ресейге Батыс санкциясына ілінген тауарларды тасымалдау күрт көбейгенін жазды. Тауарлар арасында соғыс құралдарына қажет микрочип те бар. Қазақстанның сауда министрлігі басылым дерегін жоққа шығармайды. Ал сарапшы мұның арты жақсылыққа апармайтынын айтады.