Гаага соты Путинді тұтқындауға ордер берді. Судьяның сөзі

Your browser doesn’t support HTML5

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдегі бала құқығы жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованы тұтқындауға ордер берді. Сот төрағасы "президент пен уәкіл Украинаның оккупацияланған аумақтарынан балаларды депортациялап, әскери қылмыс жасады" деп күдіктенеді.