Сайлау қорытындысы, наразылық, бақылаушылардың бағасы

Your browser doesn’t support HTML5

"Нәтижесін мойындамаймыз!" Алматыда саяси науқанға өзін-өзі ұсынған бірнеше кандидат сайлауды әділетсіз деп бағалады. Тәуелсіз бақылаушылар дауыс санау кезінде учаскеден қуылып, хаттамаға қолы жетпегенін айтты. Кейбірі учаскеде таң атқанша отырған. ЕҚЫҰ атынан келген бақылаушылар да сайлауға алдын ала берген бағасын жариялады. 128 учаскені бақылаған ұйым өкілдері оның 58-іне теріс баға берген.