"Кешірім көзімді орнына қайтармайды". Қаңтарда азапталған Әбдірешовтен прокуратура кешірім сұрады

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы прокуратурасы былтыр Қаңтар дүрбелеңінде көзіне оқ тиіп жараланып, кейін абақтыда ауыр азап көрген Ермек Әбдірешовтен ресми түрде кешірім сұрады және оның үкіметтен өтемақы талап етуге құқылы екенін хабарлады. Әбдірешов кешірім сұрау көз жанарын қалпына келтірмейтінін айтады.