"Әуежай ісімен" сотталған журналистің жақтастары түрмеге барды

Your browser doesn’t support HTML5

Журналист әрі белсенді Әйгерім Тілеужанның Алматыдағы әуежайды басым алу ісі бойынша сотталып, қамауда жатқанына 11 тамызда бір ай толды. №72 түзету мекемесіне Тілеужанның ондаған жақтасы жиналып, қолдау көрсетуге барды. Журналист әрі белсенді қазір апелляциялық сотты күтіп жатыр.