Болат Назарбаевтың компаниялары кімнің иелігінде қалды?

Your browser doesn’t support HTML5

Болат Назарбаевтың аса ауқатты адам екені айтылғанымен, оның ресми және бейресми активтерінің нақты есебі белгісіз. Бірақ оның атына тікелей және заңды тұлғалар арқылы қарайтын компания, жылжымайтын мүлік аз емес. Биыл сәуірде кіші Назарбаевтың атындағы негізгі холдинг ұлы Нұрбол Назарбаевтың атына ауысқан. Қаңтар оқиғасынан кейін Болаттың иелігіндегі мүліктердің бір бөлігіне қатысты іс қозғалып, кейбірі мемлекетке қайтарылған еді.