"Аяғымнан айырылдым". Ақтөбедегі қарақалпақ белсендісі Ташкент қысымына шағынды

Your browser doesn’t support HTML5

Өзбекстаннан Қазақстанға бас сауғалап келген қарақалпақ белсендісі Сағындық Нұрымбетов жарты жылдан бері Ақтөбеде тұрып жатыр. Өз елінде азаматтық позициясы үшін биліктен қысым көріп, бірнеше рет азапталғанын айтқан Нұрымбетов Қазақстаннан саяси баспана сұрайды.