Жарық қымбаттағанына наразы ақтөбеліктер әкімдікке барды

Your browser doesn’t support HTML5

Ақтөбеде электр энергиясы наурыз айынан бастап тағы қымбаттады. Тарифтің өзгеретіні бір ай бұрын айтыла бастаған. Оған алдымен қала іргесіндегі саяжай тұрғындары қарсы шықты. Жаңа тариф бекітіліп кеткенін білген саяжай ұжымдарының басшылары бүгін де Ақтөбе әкімдігіне барып, наразылық білдірді.