Жайықтың жағасындағы ауыл тасқынға қалай дайындалып жатыр?

Your browser doesn’t support HTML5

Батыс Қазақстандағы Январцево ауылы - Ресейден келетін топан суды бірінші болып қарсы алатын елді мекен. Ауыл тұрғындары қазір үй айналасына топырақ үйіп, қорған жасап бекініп жатыр. Өйткені Жайықтағы су деңгейі бұл жақта сегіз метрден асқан.