Прагадан Алматыға ауысқан Том аю өліп қалды

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы зообағында Прагадан жеткізілген Том есімді ақ аю өліп қалды. Ол Қазақстанға екі ай бұрын келген. Алматы зообағының ресми мәлімдемесінде аюдың өліміне «созылмалы дерті себеп болғаны» айтылған. Бірақ хайуанды 15 жыл бойы күтіп-баққан тарап Том Қазақстанға сап-сау кеткен дейді.