Қазақстандық зиялы қауым өкілдері Барак Обамадан тек жақсылық күтеді

Қаңтардың жиырмасы күні Вашингтон қаласының орталығындағы Капитолий ғимаратында АҚШ-тың жаңадан сайланған президентінің инаугурациясы өтеді.
Дәл осы күні дәстүр бойынша Барак Обама американдықтардың алдында ант беріп, жаңа қызметіне кіріседі. Президенттің инаугурациясына әлемнің түкпір-түкпірінен 240 мың адам шақырылыпты. Олардың арасында қазақстандық азаматтар да бар.
Ескерту: Бұл видео хабарда «Америка Дауысы» радиосының ресейлік бюросындағы интернет сайтында жарияланған видео материалдар пайдаланылды.