Қазақ жастары Абай мұрасын қалай танып, бағалайды

Алматыда өткен Абай оқуларынан алынған хабарда оқушылар, жастар Абайға арнаған арнау өлеңдерін оқиды. Сондай-ақ жастар әдебиетінің өкілдері Абай заманы мен қазіргі уақытты салыстырады.



Жас абайтанушылар «Әркімді заман сүйремек, Заманды қай жан билемек? Заманға жаман күйлемек, Заманы оны илемек» деген проблемалық өлеңін бүгінгі заманмен ұштастырып талдайды.

Ықылас Ожай ХХ ғасырдың басында Алаш арыстары құбылысының пайда болуына Абайдың мұрындық болғанын айтады.

«Әрбір қазақтың сүйгені – Алла, сүйенгені – әділет, қорқынышы – надандық, қорғайтыны – азаттық, ауруы – Абай болуы керек» деп түйін жасайды.

Бағдарламаның үшінші бөлігінде Абайдың жаңа табылған екі әні туралы дәстүрлі әнші Ерлан Рысқалидан естіп білесіздер. «Өзгеге көңілің тоярсың», «Сен мені не етерсің» әндерінің әуендерін Абайдың өзі жазған деген дерек бар.

«Жастар Азаттықта» клубының апталық хабарын мына жерден тыңдай аласыз.