Тәліптерден қашқан мыңдаған ауған Иран мен Пәкістанды сағалады

Ауған отбасылары Исламабадтағы христиан ұйымы таратқан тамақты алуға кезек күтіп тұр. Пәкістанның Белуджистан өлкесіндегі шекарада орналасқан Чаман қаласының маңы. 31 тамыз 2021 жыл.

Ауғанстаннан қашып барып, Чаманда тұрып жатқан босқындар.

Ауғанстаннан шекара асып келген босқындар. Чаман, Пәкістан, 31 тамыз 2021 жыл.

Пәкістан әскериі Ауғанстаннан келген адамдардың құжаттарын тексеріп тұр. Чамандағы "Достық қақпасы" шекара бекеті, Пәкістан, 27 тамыз 2021 жыл.

Чамандағы "Достық қақпасы" шекара бекетінің үстінде желбіреген Пәкістан туы. Шекараның ар жағында "Талибан" қозғалысының қара жазуы бар ақ туы тігілген.

Ауғанстаннан қашып келген отбасы Пәкістан аумағында келе жатыр.

Чаман қаласының маңында шатырда тұрып жатқан ауған босқындары. Пәкістан, 1 қыркүйек 2021 жыл.

Ауғанстаннан босып, Пәкістан аумағына өткен ауған азаматтары.

Иран аумағына "Даукарун" шекара бекеті арқылы өтіп жатқан ауған азаматтары. 29 тамыз 2021 жыл.

Иранның "Даукарун" шекара бекетінде отырған ауған азаматы. 29 тамыз 2021 жыл.

Екі баланы ертіп, Иранның "Даукарун" шекара бекетіне келе жатқан ауған азаматы. 29 тамыз 2021 жыл.

Иранның "Даукарун" шекара бекетіне қарама-қарсы беттегі Ауғанстан аумағында тәліптердің қара жазуы бар ақ туы желбіреп тұр.