Белсенділер қаңғыбас жануарларды өлтірмеуді сұрайды

Қаңғыбас жануарларды өлтіруге тыйым салуға шақырған акцияға әлеуметтік желі арқылы хабардар болған адамдар жиналды.

Кейбіреулер акцияға өздерімен бірге үй жануарларын алып келді.

Төбеттің мойнындағы қағазда иттерді иесіз жануарларды ұстайтын орындардан асырап алуға шақырған үндеу жазылған.

Әзірше ресми тіркелмеген жануарлар құқығын қорғау орталығында қоғамдық негізде біріккен сегіз белсенді бар.

Акцияға қатысушылар азаматтарды өз үй жануарлары үшін жауапкершілікті сезініп, оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Акцияға қатысушылар иесіз жануарларды аулап өлтірудің орнына оларға стерилизация жасауға шақырады.

Бұл Астанадағы жануарларды қорғау орталығы өткізген екінші акция. Сәуір айында белсенділер жануарларды циркте пайдалануға қарсы шара өткізген.

Астана әкімдігі наразылық акциясын өткізуге белгілеген қала шетіндегі арнайы орынды шараға қатысушылардың көбі әрең іздеп тауып келді. Жануарларды қорғау шарасын өткізуге қала әкімдігі рұқсат еткен.

Жануарларды қорғаушы белсенділер келесі жолы жануарлар терісі мен былғарыны пайдалануға қарсы акция өткізуді жоспарлап отыр.

Астанада биліктің рұқсатымен акцияға шыққан 20-дан аса адам қаңғыбас жануарларды өлтіруге тыйым салуға шақырды. Белсенділер балама шара ретінде қаңғыбас жануарларға стерилизация жасауды ұсынады.