«Алматы туры-2015» велобәйгесі

«Алматы туры» веложарысына қатысушылар.

Жылдағыдай биыл да «Алматы туры» халықаралық веложарысы «Нұрлы Тау» бизнес орталығы алдындағы алаңнан басталып, оған қатысушылар осы жерде мәреге жетті. 

Қазақстандық велоспортшы, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров қолтаңба жазып беріп тұр.

«Алматы турына» қатысушы велоспортшылар Әл-Фараби даңғылының тас жолында жарысып келеді. Алматы, 4 қазан 2015 жыл.

Әл-Фараби даңғылы бойында жарыс жанкүйерлеріне арнайы мінбер орнатылған. Жарыс кезінде бос болған мінберге жұрт шабандоздар мәреге жақындаған сәтте ғана жиналды. Алматы, 4 қазан 2015 жыл.

Петропавлдық бизнесмен әрі веложанкүйер Серік Рахимов (сол жақта) Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың әкесі Николай Винокуровпен әңгімелесіп тұр. Серік Рахимов Александр Винокуровты жас шағынан танитынын айтады.

Веложарыс жалғасып жатқан кезде Александр Винокуров атындағы жас спортшыларды қолдау қорының жетекшісі Валентин Рехерт пен Александр Винокуровтың (оң жақта) өзі көпкүндік веложарыс конкурсы жеңімпаздарын марапаттады. Конкурс қорытындысында бірінші орынды жеңіп алған Тараз қаласының 4-олимпиадалық резерв мектебіне Vino (Винокуровтың спорттағы лақап есімі) велосипедінің алты данасы сыйға берілді.

«Нұрлы Тау» бизнес орталығы алдындағы алаңда VIP үшін тігілген шатырларда сусын-ішімдіктер мен жеңіл-желпі тағам түрлері қойылған.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек (сол жақта) «Алматы туры-2015» халықаралық веложарысы кезінде жанкүйерлер арасында тұр. Алматы, 4 қазан 2015 жыл.

Осымен үшінші мәрте өткізіліп отырған «Алматы туры» халықаралық веложарысында мәреге бірінші болып Astana Pro Team командасы мүшесі, қазақстандық Алексей Луценко жетті. Ол былтыр да осы жарыста жеңімпаз атанған.

«Алматы туры» халықаралық веложарысының жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі. Тұғырдағылар: жарыс жеңімпазы – Astana Pro Team командасының мүшесі, қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко (ортада), оның командаласы, италиялық спортшы Фабиан Ару (екінші орын) және ресейлік «Катюша» командасының мүшесі Павел Кочетков (үшінші орын). Алматы, 4 қазан 2015 жыл.

Алматыда осымен үшінші жыл қатарынан «Алматы туры» халықаралық веложарысы өтті.