Универсиаданың ашылу рәсімі

Ашылу рәсімінің басында жұрт алдына шыққан салтанатты көш. Алматы, «Алматы Арена» сарайы, 29 қаңтар 2017 жыл.

Универсиаданың ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, ашылу рәсіміне барлығы мың жарым артист қатысқан. Олардың көпшілігі - театр өнерпаздары.  

Ашылу рәсімінен көрініс.  

Универсиаданың салтанатты түрде ашылу рәсіміндегі қойылымдардың көбі қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрін көрсетуге арналды.  

Универсиаданың ашылу рәсіміне 12 мыңдай адам жиналды. 

Салтанатты қойылымда жетіген шертіп отырған өнерпаздар. 

Қазақстан туы көтерілген сәт. 

Қазақстан әнұранын балалар хоры орындады.

Универсиаданың ашылу рәсіміне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев келді. Салтанатты кеш кезінде жүргізушілер "универсиаданы ұйымдастыруға мүмкіндік бергені үшін" Назарбаевқа бірнеше рет алғыс айтты. 

Универсиадаға Угандадан бір спортшы келген. Алматыдағы жарысқа Жаңа Зеландия, Марокко, Парагвай, Малайзия, Ливаннан бірді-екілі спортшы қатысады. 

Қазақстан туын шаңғышы Дәулет Рахымбаев ұстап шықты.

Универсиадаға қатысатын Қазақстан спортшылары. 

Сақ-ғұн заманын көрсеткен қойылым.

Ашылу рәсімінің көпұлтты Қазақстан жайлы көрсеткен тұсы.  

Астана мен жаңа технологиялар жайын баяндайтын шоу. 

Универсиада алауы жағылып, шараның аяқталған сәті.