Әндіжан қырғыны

Әндіжандағы Бабыр алаңына жиналған жұрт билік "акрамистер" деген айып тағып, сотқа тартып жатқан жергілікті 26 бизнесменге араша түскен еді. Сонымен бірге митингіде халық билікке елдің әлеуметтік жай-күйін жақсарту және елдегі қуғын-сүргін саясатын доғару жөнінде талаптар қойған. Әндіжан қаласы, 13 мамыр 2005 жыл.

Өзбекстан әскері Әндіжанда. 14 мамыр 2005 жыл.

Өзбекстан билігі Әндіжандағы қырғында 187 адам қаза тапқан деп хабарлаған. Бірақ оқиғаға куә болғандар мен құқық қорғау ұйымдары қаза тапқандар саны бұдан әлдеқайда көп екенін айтады.

Жергілікті тұрғындар билік күшпен басқан наразылық шеруінде қаза болған адамның денесін алып келе жатыр. Әндіжан, 14 мамыр 2005 жыл.

Үкімет күштері қолынан қаза тапқан қарапайым тұрғындардың жаназасы осылайша шығарылды. Әндіжан, Өзбекстан, 14 мамыр 2005 жыл.

Әндіжан тұрғындары қалада полиция оғынан қаза болған құрбандардың денелері жатқан маңнан өтіп барады. 14 мамыр 2005 жыл.

Өзбек әскерлері Әндіжан оқиғасынан кейін көшеде кездескендердің құжаттарын тексеріп жүр. Әндіжан, 17 мамыр 2005 жыл.

Әндіжан көшесінде ілулі тұрған Өзбекстан президент Ислам Каримовтың суреті. 17 мамыр 2005 жыл.

Өзбекстанның Әндіжан қаласында арнайы күштер көшелерді бақылауында ұстап тұр. 17 мамыр 2005 жыл.

Үкімет күштері шерушілерді аяусыз басқан қақтығыстар барысында автокөліктер өртенді. Әндіжан, 14 мамыр 2005 жыл.

Өзбек-қырғыз шекарасына жақын жердегі Қырғызстанның Бараш ауылында ашылған босқындар лагерінде. 19 мамыр 2005 жыл.

Әндіжан босқындары Қырғызстанның Созақ лагерінде. Мамыр, 2005 жыл.

Әндіжан оқиғасына қатысқан 15 азамат "лаңкестік" пен "ауыр қылмыстар жасады" деген айыптар бойынша сотқа тартылды. Ташкент, 20 қыркүйек 2005 жыл.

2005 жылы 13 мамыр күні Әндіжандағы қырғыннан соң Қырғызстанға қашып, одан Австралияға кеткен, 2010 жылы 8 қаңтарда еліне оралған соң Өзбекстанда ұзақ жылға сотталған Дилорам Абдулқадырова.

Чехиядағы босқындар жатақханасын паналап жатқан әндіжандық өзбек әйелі. 5 мамыр 2006 жыл.

Германиядағы Әндіжан босқындары. 13 мамыр 2009 жыл.

Әндіжан қырғынының бір жылдығын еске алған шерушілер Брюссельде Өзбек елшілігі алдында наразылық акциясын өткізіп тұр. 12 мамыр 2006 жыл.

Брюссельдегі Еуропа Одағы ғимараты алдында наразылық акциясында тұрған өзбек босқындары.