Арал құрғап барады

Совет заманында орнатылған Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарына арналған мемориал. Бұл ескерткіш Арал теңізінің жағасы бұрын қайда болғанын ескертіп тұрғандай.  

Бұрынғы теңіз табаны. 

Бұрынғы теңіз жағалауында, Өзбекстанның Мойнақ қаласы маңында қаңтарылған кемелер азайып келеді. Өйткені, олардың көбі металл ретінде сатылып кеткен.  

Көптеген балықшы ауылдар қазір теңізден үміт үзген.  

Мойнақ қаласының кіреберіс жолындағы белгіде балықтың суреті бар. Бірақ қазір ол өткен дәуреннің ескерткіші ғана сияқты.  

Балықшылардың бұрынғы үйі. 

Бұрынғы балық өнімдері зауыты. Қазір тоқтап қалған.  

Бұл ғимараттарда бұрын кинотеатр мен жергілікті клуб болған. 

Әр жерден кеме қаңқалары ұшырасады.