"Күні-түні уайым". Ғимараттары қираған арыстық кәсіпкерлер өтемақы ала алмай жүр

Your browser doesn’t support HTML5

Түркістан облысы Арыс қаласында ондаған кәсіпкер қираған ғимаратын қалпына келтіре алмай жүр. Уәделі өтемақы жоғынан жұмысы тоқтап, тұрмысы қиындаған. Кәсіпкерлерге жәрдем ретінде ақша үлестіретін комиссия өкілі бұған "қаржының жоқтығы себеп" дейді.