30 жасында Азиада күмісін алған балуан

Жұлдыз Ешімова (көк формада) жартылай финалда моңғолиялық Ерденечимегей Сумяны (қызыл формада) 15:14 есебімен жеңді. Екі спортшы наурызда Бішкекте өткен Азия чемпионатында кездесіп, Моңғолия балуаны Жұлдыздан басым түскен. Бішкекте Жұлдыз қола, Моңғолия балуаны күміс иеленген еді. 20 тамыз 2018 жыл. 

Ешімова (көк формада) моңғолиялық қарсыласымен кездесіп жатқан сәт. "Моңғолия балуанымен кездесу өте қиын болды. Бішкектегі Азия чемпионатында жеңіліп қалған едім. Сондықтан осы кездесуге шығарда қатты уайымдадым, бүкіл күшімді осы кездесуге жұмсадым" деді Жұлдыз Азаттық тілшісіне. 

Жұлдыз Ешімова финалда солтүстік кореялық балуан Пак Йонг Мимен кездесіп жатқан сәт. Бұл кездесуде Пак уақытынан бұрын жеңіске жетті. Ешімова 2011 жылы әлем чемпионатының финалына шығып, жеңілген. Азия чемпионатында бір рет (2007), үш рет күміс (2008, 2009, 2010) және бір рет қола алды. 

Ешімова - Пак арасындағы финалдық кездесуден көрініс. Ешімова 2011 жылы әлем чемпионатының финалына шығып, жеңілген. Азия чемпионатында бір рет (2007), үш рет күміс (2008, 2009, 2010) және бір рет қола алды. 

Солтүстік Корея балуаны Пак Йонг Ми Ешімованы жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанған сәт. "Солтүстік Корея балуаны биыл жарқ етіп шықты. Бұрын басқа жарыстарда көрмедім. Басқа салмақтан ауысып келуі де мүмкін. Оны алғаш рет Бішкектегі Азия чемпионатында көрдік. Ол алтын алды" деді Жұлдыз финалдағы қарсыласы туралы. 

Жұлдыз Ешімова жүлдегерлерді марапаттау рәсімінде тұр. 
"Әлем чемпионаты, Азия чемпионатында медаль алдым. Тек Олимпиада мен Азия ойындарының медалі жетпей жүр еді. Енді Азия ойындарының жүлдесі бар. Еш өкінбеймін. Бұйыртқаны осы" дейді балуан. 

Жұлдыз Ешімова - 30 жаста. Спортшы биыл Будапеште (Венгрия) өтетін әлем чемпионатына қатысады. "Болашақта күресте қалам ба әлде қалмаймын ба әлі шешкен жоқпын. Енді бар ойым алдағы әлем чемпионаты болады" дейді Азия ойындарының күміс жүлдегері.