Өзбекстандағы бұрынғы қазақ ауылы

Атақорған тұрғыны Нұркен Айдаркөлдің жағасында отыр. Бұл көл Қызылқұмның ортасында, Атақорғаннан 10 шақырымдай жерде. 

Айдаркөл - жасанды су қоймасы. Бұл төңіректегі жұрт осы көлден балық аулайды.

Азаттық тілшісі ауылдағы Нұржанның үйіне келгенде оның анасы мен жұбайы қонаққа дайындық жасап әбігерленіп жүр екен.

Балық қуырып қойыпты.

Нұржанның жұбайы Рая.

Нұржанның кенже ұлы.

Нұржан мен Рая қонақтарға ет тартып жатыр.

Нұржан мен қонақтар бейіт басында құран оқып отыр.

Ауыл зираты.

Ауыл халқы бейіт басына ілген бұл қу бас жын-шайтаннан қорғайды деп біледі.

Салт атты Нұржан.

Нұржанның кенжесі де "атына" мінгелі тұр.

Ауыл маңында есек жетектеп жүрген бала.

Атақорғанда тұратын қазақтардың бірі - Самараның үй-іші. Ол бала-шағаға қарап үйде отыр, ал ері балық аулайды.

Самараның үш баласы бар.

Самара ауласында тұр.

Мұрат (ортада) жанындағы тәжік достарымен қазақша сөйлеседі. Бұрын мұнда қазақтар көп тұрған кезде тәжіктер қазақ мектебіне барған екен.

Атақорған тұрғындары көршілес Байқорған ауылындағы көкпарға бармақ.