AzattyqLIVE: Бурылда не болды?

Құқыққорғаушы Амангелді Шорманбаев (сол жақта) пен журналист Кенжебек Нұрқасен. Алматы. 19 ақпан, 2016 жыл.

AzattyqLIVE хабарында құқыққорғаушы Амангелді Шорманбаев Бурылдағы оқиғаны талқылады.

Жамбыл облысындағы Бурыл ауылында жас баланы өлтіру қылмысына байланысты тұрғындар наразылығынан соң билік 16 ақпанда елдімекенге ұлттық ұланды кіргізіп, бақылауды күшейтті.

Your browser doesn’t support HTML5

Заңгер: "Қылмыскердің ұлты болмайды". Аудиоподкаст

Полиция қылмысқа күдікті ретінде полиция 18 жастағы жергілікті тұрғын қамауға алынғанын хабарлады. Сәрсенбіде күдіктінің отбасы ауылдан басқа жаққа көшірілгені мәлім болды.

Екі күнге жалғасқан тұрғындар наразылығы барысында полиция бірнеше адамды ұстаған.

Қараңыз: Бурылда толқудан соң полиция бақылауы күшейтілді

Облыстық және аудандық билік өкілдері Бурылға барып, наразы халықты тыныштандыруға тырысқан. Оқиғаға байланысты қоғамдық комиссия құрылып, оның құрамына түрік диаспорасы өкілдері де кірген.

Қазір елдімекен сыртынан қоршау алынған, бірақ ауылдағы жағдайды полиция күші бақылап тұр.

Қараңыз: Бурылдағы ахуал тыныштала бастағанымен, күзет әлі күшті

AzattyqLIVE хабарында құқыққорғаушы Амангелді Шорманбаев Бурылдағы оқиғаны талқылады.

Your browser doesn’t support HTML5

AzattyLIVE: Бурылда не болды?