Үкіметтің ауысуы нені білдіреді?

AzattyqLive студиясында отырған Азаттық тілшісі Кенжебек Нұрқасенұлы мен оппозициялық саясаткер Әміржан Қосанов. Алматы, 9 қыркүйек 2016 жыл.

Қазақстанда үкімет құрамы жаңартылатыны хабарланды. Үкіметті ауыстырудың астарында не жатыр? Кәрім Мәсімовтің үкіметі не тындырды? AzattyqLIVE бұл туралы оппозициялық саясаткер Әміржан Қосановпен талқылады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып жаңадан тағайындалған Кәрім Мәсімов осымен екінші рет премьер-министр қызметінен кетті. Бұған дейін 2007-2012 жылдары үкіметті басқарған ол кейін екі жыл ел президенті әкімшілігі басшысы қызметін атқарған. Ал 2014 жылы сәуірде премьерлікке қайта тағайындалған Мәсімов күні кешеге дейін үкіметті басқарып келді.

Назарбаев үкімет жетекшісі міндетін уақытша атқаруды премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа жүктеп, министрлерге жаңа үкімет жасақталғанша міндеттерін орындай тұруды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Кәрім Мәсімов ҰҚК-ге барды

Қазақстан үкіметіндегі ауыс-түйіс нені білдіреді? Бұрынғы үкімет қандай іс тындырды? Жаңадан келетін үкіметтен не күтуге болады?

AzattyqLIVE бүгінгі хабарында бұл туралы оппозициялық саясаткер Әміржан Қосановпен талқылады.

Your browser doesn’t support HTML5

Үкіметтегі ауыс-түйіс нені білдіреді?