AzattyqLIVE: Допинг дауы

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Лондон олимпиадасында жеңіске жеткен кезі. 4 тамыз 2012 жыл. Сурет олимпиада ойындарының ресми сайтынан алынды.

AzattyqLIVE Қазақстан ауыр атлеттерінің допинг дауына ілінуін спорт журналисі Есей Жеңісұлымен талқылады.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Лондон олимпиадасы кезінде алынған сынамаларды қайта тексергенде он атлеттің допинг қолданғаны расталғанын хабарлады. Олардың арасында 2012 жылы олимпиада чемпионы атанған қазақстандық төрт спортшы – Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Мая Манеза бар.

Your browser doesn’t support HTML5

Допинг дауы. Аудиоподкаст.

Қазақстандық төрт олимпиада чемпионы жарыстан шеттетілді

Егер допинг пайдаланғаны түбегейлі дәлелденсе халықаралық олимпиада комитеті оларды чемпион атағынан айырып, Лондон олимпиадасының төрт алтын медалін қайтарып алуы мүмкін.

«Допинг пайдалану» күдігіне ілінген атлеттердің үлкен спорттағы ендігі тағдыры не болады? Олар мемлекеттен алған ақшалай-заттай сыйлықтарды да қайтаруы тиіс пе? «Допинг дауы» неліктен араға төрт жыл салып шығып отыр?

Спорт журналисі Есей Жеңісұлы.

AzattyqLIVE бұл тақырыпты қазақстандық спорт журналисі Есей Жеңісұлымен талқылады. Хабардың толық видеосын сәлден соң осы жерден көре аласыз.